Ғайбатқа апаратын себеп - ашу
Ғайбатқа апаратын себеп - ашу

Ғайбатқа апаратын себеп

Ашу 

  Адам әлде бір себеппен біреуге ренжіп, ашуланған кезде  оны ғайбаттайды. Өйткені,, ғайбатты тудыратын ең маңызды фактор - ашу-ыза. Адам ашуын сол адамды ғайбаттаумен, ол туралы небір сөздерді айтумен басуға тырысады. Бұл бір сәттік орнығып тамыр жаятын болса, уақыт өте келе ол өшпенділік сезіміне ұласып, ол адам аталмыш кісіні сәті түсе қалса жамандайтын дәрежеге жетеді. Негізінде ашу-ыза дұрыс қадағаланса, ол сырттан келетін шабыулдардан қорғайтын күш әрі сақ болуға қажетті қалқан. Осыған байланысты Хақ Тағала адамға ашу деген сезімді аманатқа берген. Адам осы сезімнің күшімен намысын, жанын, малын, нәпсісін, ұлтын, отанын қорғап қалады. Ашуды дұрыс басқарған жағдайда ол өте керекті сезім, ал бағындыра алмаса ол адамның ең осал тұстарының біріне айналады. Өйткені, ашу-ызасын бақылауда ұстай алатын адамның саны өте аз. Сондықтан ата-бабаларымыз "Ашу тұрған жерде ақыл тұрмайды " деген. Бұл мәселеде жетістікке қол жеткізу үшін күшті ерік-жігер керек. 

ғайбат, ашу, ыза, сабырсыздық
Aset KZAset KZ
7 лет назад 3557
0 комментариев
О блоге
0
95609 7 25 67 12