Стив Джобстың балаларына қалдырған соңғы хатынан
Мен өз басым бизнестің ең биік шыңына жетіп көрген адаммын. Өзгелердің көзіне менің өмірім жетістікке толы болған сияқты көрінеді. Жұмыстан тыс басқа нәрседен бақыт табатын нәрсе менің өмірімде өте аз болатын, байлық ақша, дәулет өмірдің бір бөлігі ғана, соған менің өмірім дағдыланып үйренген. Дәл осындай сәтте, жазылмас дертке шалдыққанымды біліп төсекте жатып, жүріп өткен жолымды қайта бір қарағанда, өлімге бетпе-бет келетін уақыт таяған сайын ақша дәулет, дүниеммен мастанып жүргенімнің ешқандай да мән мағынасыз, түкке татымайтынын түсініп жатырмын.
Шымқай қараңғы, мен жансақтау бөлімндендегі аппаратураның жасыл сәулесін көріп, одан шығып жатқан шуылдақ дыбысты естіп жатырмын. Маған ажал тез жақындап келе жатқан сияқты сезіледі. Барлығымыз өмірімізге жетерліктей дүние мүлік, ақша жинаған соң барып, дүние мүліктен басқа нәрсені армандау керек екенін енді ғана түсініп жатырмын. Адамдар біздер дүние мүліктен басқа нәрселерге назар аударуымыз керек екен: мүмкін кішкентайыңыздан армандаған нәрсені, сүйіспеншілік пен махаббатты, шығармашылықпен өнерді. Дүние-мүліктің артынан тынымсыз қуа беретін болсаңыз түбіне жете алмай, себебін түсіне алмайтын боласыз, дәл мен сияқты.
Жаратқан бізге дүние-мүлікке байланған жүрек емес, барлық адамға сүйіспеншілікпен қарайтын сондай мейірмді жүрек сыйлаған. Тіршілігімде жинаған дүние мүлкімді мен өзіммен бірге алып кете алмаймын. Тек жақсы көретін адамдарымың маған баға жетпес сыйлаған естеліктерін ғана алып кете аламын. Тек ғана солар өмірдегі махаббат, мейірімділік ғана сенімен бірге, сонымен қатар үнемі серік болып, сенің жүретін жолыңды жарқыратып отыратын ерік жігер береді. Махаббат мыңдаған кедергіні жеңеді. Өмірдің шегі жоқ. Қайда барғың келсе, солай жүр. Өзіңнің қойған мақсатыңа жет. Осының барлығы тек қана сенің қолыңда. Егер адамдар меннен ең қыбат төсек қандай төсек? деп сұраса мен: «науқас жатқан» төсек деп жауап берем…
Өміріңде сен өзіңнің орныңа көлігіңді мініп қалаған жеріңе жеткізетін адам жалдап ала аласың және өзіңнің орныңа жұмысыңды істетіп сенің кірісіңді тіптен көп болдыра алатын адамды тағыда жалдап ала аласың, бірақ сенің орныңда ауырып жататын адамды ешқашан жалдай алмайсың. Материалдық дүние табылады. Бірақ бір нәрсені жоғалттқан сәтте оны ешқашан қайтып қайтадан таба алмайсың. Ол Өмір. Ота жасайтын бөлмеге кіргізіп бара жатқанда бір нәрсеге өкінетін боласың ол оқып аяқтай алмаған «Салауатты өмір жайлы» деген кітап. Мен неге оқып аяқтамдым? Неге қолданбадым? Деп өзіме қатты өкінемін. Өмірдің қай жерге келгеніне қарамастан кез келген уақытта біздің өмір есігіміз жалғыз күнде жабылады. Отбасыңа қамқор бол, әйеліңе сүйіспеншілікпен қара, дос-жарандарыңды сыйла. Өзіңді ойла, өзгеге құрметпен қара.
Тәуелсіз аударма