Бақытты әке болудың құпиясы немесе балаңыз бақытты ма?
Бір күні кезекті семинардың алдына қағаздарымды реттеп отырсам, орта бойлы бір кісі кіріп келді. Жайдары жүзінен бақыттың лебі есіп тұр. Келген бойда:– Ұстаз, қолыңыздан сүйсем рұқсат па? – деді. Негізінде кісінің қолымнан сүйгенін бұрыннан қаламайтын едім. Бірақ, алып ұшқан көңілін жықпайын деп:– Қаласаң қолымнан емес, бетімнен сүй. Ол қапсырып құшақтаған бойда бетімнен сүйді. – Ия, жігітім, не үшін қолымнан сүйгің келді? Қонағым ағынан жарыла кетті.– Ұстаз, осыдан нақ үш жыл бұрын сіздің семинарыңызға қатыстым. Білесіз бе? Менің өмірім тап сол күннен бастап толықтай өзгеріске ұшырады. Сол...